Облыстық тарихи-өлкетану музейі жобалары
«АСЫЛ МҰРА» ЖОБАСЫ
Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында музей қорында сақтаулы және музей экспозициясына орналасқан құнды жәдігерлерді жергілікті "Қоғам Тв" телеарнасы арқылы насихаттап, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі "Асыл мұра" атты арнайы хабарлар түсіреді.
«БОЛАШАҚ ЭКСПОНАТ» ЖОБАСЫ
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» тарауы бойынша Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі жастар арасында «Болашақ экспонат» байқауын ұйымдастырады.
«ЖӘДІГЕРБАЯН» ЖОБАСЫ
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Сыр өңірінің мәдени-тарихи мұрасын насихаттау, қазақ халқының рухани құндылықтарын арттыру мақсатында жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасымен бірлесіп «ЖӘДІГЕРБАЯН» жобасын ұйымдастырады.
«МУЗЕЙ РАДИОСЫ» ЖОБАСЫ
Музей қызметін жаңаша форматта көрсету мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі "МУЗЕЙ РАДИОСЫ" жобасын қолға алуды жоспарлап отыр.
«САКРАЛ ТУР» ЖОБАСЫ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын әрі қарай жалғастыру мақсатында «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризімін жаңғырту мақсатында "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы бойынша Қызылорда облысындағы жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштерге тарихи-танымдық саяхаттар ұйымдастыру.