«АСЫЛ МҰРА» ЖОБАСЫ
Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында музей қорында сақтаулы және музей экспозициясына орналасқан құнды жәдігерлерді жергілікті "Қоғам Тв" телеарнасы арқылы насихаттап, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі "Асыл мұра" атты арнайы хабарлар түсіреді.
Мақсаты: Музей қорында сақтаулы этнографиялық, археологиялық, нумизматикалық коллекцияларды халыққа насихаттау, әр жәдігердің тарихынан, оқиғалық желісінен, жасалу технологиясынан, авторларынан мәлімет беру. Жарияланатын экспонаттарға қатысты тұлғалармен сұхбат жүргізу. Жобаның ұйымдастыру жұмыстарын «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімі жүзеге асырады.
Күтілетін нәтиже: Көне дүниелер халық жадында жаңғырады, тарихи-мәдени мұра насихатталады, ғылыми айналымға шығады.
Видеоматериалдар
ДАСТАН СӘТБАЙМЕН СҰҚБАТ
ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
АҒАШ ЫДЫСТАР
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ
АЛДАЖАР ӘБІЛОВПЕН СҰҚБАТ
ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІ: АҒАШ ЖИҺАЗДАР
ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕР. ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР
ТҰСАУ КЕСЕР РӘСІМІ. БОЛАТБЕК ШАХМАРДАН ҚАНАТБЕКҰЛЫНЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ
АБАЙ ӘЛЕМІ ЖӘНЕ СЫР БОЙЫ
ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ КИІМДЕР КОЛЛЕКЦИЯСЫ