«БОЛАШАҚ ЭКСПОНАТ» ЖОБАСЫ
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» тарауы бойынша Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі жастар арасында 2020 жылдың 22 қаңтардан – 22 желтоқсанға дейін «Болашақ экспонат» байқауын ұйымдастырады.
Мақсаты: Жастар арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау және жаңғырту, жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, қазақтың рухани құндылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жастарға бүгінгі дүниенің ертеңгі жәдігер екенін ұғындыру. Қазіргі таңда құнды және қолданыстан шықпаған дүниелерге (материалдық және материалдық емес) жастардың көзімен қарап, сипаттамасы мен тарихын жастардың өзіне түсіндірту. Болашақ экспонат - жастардың тарихи сананы жаңғыртудағы оң имиджін қалыптастыру үшін жүзеге асырылып отырған шара.
Күтілетін нәтиже: Қызылорда облысының мәдени-тарихи мұрасын, болашақ экспонаттың ерекшеліктерін, жаңа даму үрдістерін бейнелейтін үздік мотиваторларды, ораторларды анықтау.