← Карточкаларға қайту

«ЖӘДІГЕРБАЯН» ЖОБАСЫ

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Сыр өңірінің мәдени-тарихи мұрасын насихаттау, қазақ халқының рухани құндылықтарын арттыру мақсатында жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасымен бірлесіп «ЖӘДІГЕРБАЯН» жобасын ұйымдастырады.

Форматы: видеоподкаст (бір жәдігер тарихын баяндау)

Жоба жүзеге асатын уақыт: 2025 жыл (әр айда 4 экспонат түсіріледі, жалпы саны – 48 подкаст)

Подкаст ұзақтығы: 5 минут

Басты мақсаты: Музей қорында сақтаулы этнографиялық, археологиялық, нумизматикалық т.б. коллекцияларды телеарна көмегімен насихаттау арқылы халықтың ұлттық сана көкжиегін кеңейту, әр жәдігердің тарихынан, оқиғалық желісінен, жасалу технологиясынан, авторларынан мәлімет беру.

Күтілетін нәтиже: Көне дүниелер халық жадында жаңғырады, тарихи-мәдени мұра насихатталады, жәдігер ақпараттық және ғылыми айналымға шығады.

Видеоматериалдар