«МУЗЕЙ РАДИОСЫ» ЖОБАСЫ
Мәдени дәстүрлер көрінісі, ғасырларды бір біріне жалғап тұрған тарихи естеліктердің ордасы - музейлердің межелеген мақсат міндеттері өзгерген жоқ, жаһандану заманында "музейдостарына" қызмет көрсету, тарихқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Музей қызметін жаңаша форматта көрсету мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі "МУЗЕЙ РАДИОСЫ" жобасын қолға алуды жоспарлап отыр.
Мақсаты: Музей қорында сақтаулы этнографиялық, археологиялық, нумизматикалық коллекцияларды халыққа насихаттау, әр жәдігердің тарихынан, оқиғалық желісінен, жасалу технологиясынан, авторларынан мәлімет беру. Жарияланатын экспонаттарға қатысты тұлғалармен сұхбат жүргізу.
Күтілетін нәтиже: Көне дүниелер халық жадында жаңғырады, тарихи-мәдени мұра насихатталады, ғылыми айналымға шығады.