«САКРАЛ ТУР» ЖОБАСЫ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын әрі қарай жалғастыру мақсатында «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризімін жаңғырту мақсатында "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы бойынша Қызылорда облысындағы жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштерге тарихи-танымдық саяхаттар ұйымдастыру.
Мақсаты: Мектеп оқушыларын облысымыздың тарихи-мәдени ескерткіштерімен таныстыру, олардың ұлттық санасын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар облысымыздың тарихи-мәдени ескерткіштерін біледі, ұлттық санасы дамиды.