Бүгін С. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Қолөнер «URSHYK» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлескен «Алтын алаша – күміс кілем» атты Республикалық қолөнершілер фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылу рәсімінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, ҚР Қолөнершілер одағының Қызылорда облысы филиалының өкілі Жақыпов Бекзат Әнісұлы және Қолөнер «URSHYK» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Карденова Бибігүл Лаубайқызы құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты ашты.
Шараға еліміздің әр өңірінен келген тәжірибелі қолөнершілер, ұлттық өнер шеберлері, ұстаздар мен жас өнерпаздар қатысуда.
Келушілер назарына дәстүрлі алаша, кілем, сырмақ, текемет, тұскиіз және заманауи сәндік бұйымдар ұсынылуда.
Фестиваль алдағы 2 күн — 28 ақпан және 1 наурызда өз жалғасын табады.
Бұл күндері көрме-сатылым жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тәжірибелі шеберлердің қатысуымен шеберлік сағаттары өтеді.
Баршаңызды ұлттық өнер мерекесіне шақырамыз ![]()
