МАНСҰР НҰРМАТ АБДОЛЛАҰЛЫ

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директор

Білімі

1985 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы (бұрынғы С. Сейфуллин ауылы) дүниеге келген.

2006 жылы Қазақ Заң гуманитарлық университетін «Заңгер», 2025 жылы Қызылорда Ашық университетін «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолы

2006-2007 жылдары Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және продюсерлік орталығында маман, 2008-2014 жылдары «Қоғам» телеарнасында редактор, 2012-2014 жылдары «Таным мен Тағылым» республикалық газетінде атқарушы директор, 2014-2020 жылдары «Шалқар» ұлттық радиосында редактор, аға редактор, бөлім жетекшісі, 2020-2024 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры қызметтерін абыроймен атқарды.

2024 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда қалалық «Жастар» театрының директоры қызмет атқарып келді.

Н. Мансұр «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, ҚР Құрмет грамотасының, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

2026 жылдан бастап Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының бұйрығымен Мансұр Нұрмат Абдуллаұлы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқаруға қабылданды.

 Жұмыс уақыты ДС-Жм (09:00-19:00)

АХМЕТОВА ЖАННАТ ДӘУРЕНҚЫЗЫ

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары

Білімі

1965 жылы 8 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1988 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

1988-1990 жылдары Сырдария ауданындағы №143 орта мектептің мұғалімі;

1990-1996 жылдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы;

1996-2002 жылдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің өлке тарихы бөлімінің меңгерушісі;

2002-2011 жылдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық-көпшілік және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;

2011 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары.

 Жұмыс уақыты ДС-Жм (09:00-19:00)

CАЙЛАУ АСХАТ ҚОЖАКЕЛДІҰЛЫ

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым хатшысы

Білімі

1984 жылдың 4 тамызында дүниеге келген.

2002-2007 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Археология, этнология» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

2007-2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде тарих ғылымдары бойынша магистрі;

2008-2012 жылдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Өлке тарихы» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі;

2012-2018 жылдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі;

2018 жылдан бастап Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым хатшысы.

 Жұмыс уақыты ДС-Жм (09:00-19:00)