You are currently viewing «АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ» залы

«АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ» залы

Бұл залда Сыр өңірінің палеолит және неолит тұрақтарынан табылған (Ақирек, Сексеуіл І-ІІ, Жалғыз ағым тұрақтары т.б.) тастан жасалған еңбек құралдары, қола дәуірінің ескерткіштері: Бағаналы, Солтүстік Түгіскен археологиялық ескерткіш кешендерінің материалдық мәдениеті, Сақ-қаңлы кезеңі, Ерте темір дәуірінің ескерткіштері: Оңтүстік Түгіскен, Ұйғарақ, Шірік-Рабат, Жетіасар мәдениеті ескерткіштері, Түркі кезеңі оғыз-қыпшақ дәуірінің қалалық мәдениеті Жанкент қалашығы туралы мәліметтер мен археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер қойылған.