
Бүгін ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Оғыз дала мәдениетінің іздері» атты халықаралық көрменің ашылуы өтті. Көрменің басты мақсаты – оғыз дәуірінің археологиялық және этнографиялық деректерін көрсету, мәдени код трансформациясын зерделеу және көшпелі халықтардың әлемдік өркениетке қосқан үлесін айқындау. Көрмеде Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасы мен оғыз тайпаларының Еуразия кеңістігіндегі рөлі, түркі әлемінің саяси, рухани және материалдық тарихына қосқан үлесі жан-жақты таныстырылды. Жоба аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі және Қорқыт Ата атындағы университет қорынан 300-ге жуық түпнұсқа жәдігер мен макет қойылды.

