You are currently viewing «Дәуір бейнелері» атты жылдық қорытынды көрме

«Дәуір бейнелері» атты жылдық қорытынды көрме

Бүгін, С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында 🎨Қазақстан Суретшілер одағының Қызылорда облыстық филиалы мүшелерінің «Дәуір бейнелері» атты жылдық қорытынды көрмесінің ашылуы өтті. ✨

Көрме барысында суретшілер:

К.Әбілханұлы, Қ.Ембергенов, А.Кененбаев, Ә.Абызбеков, Т.Сағымбаев, Н.Мажиханов, Ұ.Маутова, Г.Рамазанова, Ғ.Тілеуберген, Р.Әлжан, Д.Тойшыбаев, көрермендермен жүздесіп, шығармашылықтары жайында ой бөлісті. 🖌️🗣️

Іс-шараға қала мектептерінің оқушылары, колледж және университет студенттері қатысты. Олар суретшілердің тікелей әңгімесін тыңдап, жаңа әсер мен шабыт алды. 👩‍🎨👨‍🎨📚

«Дәуір бейнелері» көрмесі – өңір өнерінің дамуын, ұлттық және заманауи бағыттардың үндесуін көрсететін ерекше мәдени оқиға. 🖼️✨

Баршаңызды галереяға келіп, экспозицияны тамашалауға шақырамыз!