С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Қазақстан Суретшілер одағының Қызылорда облыстық филиалының қылқалам шеберлерінің жеке қорынан «Дәуір бейнелері» атты топтық көрмесін тамашалауға шақырады!
Көрменің мақсаты – өңір суретшілерінің шығармашылық ізденістерін, ұлттық және заманауи бейнелеу өнерінің бағыттарын кеңінен насихаттау. Экспозицияда әр дәуірдің ерекшелігін, қоғам құбылыстары мен адам болмысын бейнелейтін туындылар ұсынылады.
Көрермендер жергілікті суретшілердің өзіндік қолтаңбасын танып, жаңа көркемдік әсерге бөлене алады.
Өтетін орны: Иса Тоқтыбаев 2/1
Күні: 28 қараша
Басталуы: 10:00
Барша өнер сүйер қауымды көрмеге шақырамыз!
