Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбековтің 95 жылдығына арналған «Халық жадындағы қайраткер» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге Еркін Әуелбековтің еңбек жолы, қоғамдық қызметтері туралы архивтік материалдар, фотосуреттер қойылып музей қонақтарына таныстырылды.
