«Оғыз дала мәдениетінің іздері» көрмесі – бабалардың қазыналы тарихын, ұлы даланың жаһандық өркениетке қосқан үлесін айшықтайтын жоба. Бұл көрме арқылы ұлттық мұрамыздың құдіреті танылып, Қазақстан руханиятының әлем алдындағы айшықты бейнесі жарқырай түседі. Ортағасырлық Жанкент, Кескен-Күйік, Асанас, Сортөбе шаһарларында ғасырлар қойнауынан табылған ҮІІ–ХІ ғасырларға тән теңдессіз жәдігерлер көрерменге сыр шертеді. Әр артефакт – өткеннің үнін жеткізген шежіре, оғыз мәдениетінің мәңгілік ізі. Көрме аясында ғылыми-гуманитарлық кеңістік құрылып, оғыз өркениетінің Қазақстан аумағындағы ізі қайта жаңғырып, ғалымдар мен зиялы қауым оның терең сырын бірге зерделейді.
