You are currently viewing МУЗЕЙ ҚОРЫ ҚҰНДЫ АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

МУЗЕЙ ҚОРЫ ҚҰНДЫ АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Биылғы жылдың қазан және қараша айларында облыстық музейдің қызметкерлері Алматы қаласындағы ҚР Президенті архиві және ҚР Орталық мемлекеттік архивінде болып, Қызылорданың 1925-1929 жж. Қазақ АКСР-нің астанасы болған кезеңіндегі саяси және мәдени өміріне қатысты бірегей архивтік құжаттардың 400 ден астам электронды (2 деректі фильм) көшірмесін алып, музей қорын толықтырды.