You are currently viewing «МУЗЕЙ TOUR: ЭКСПОНАТТАР ЭКСПЕДИЦИЯСЫ» КЕШЕНДІ ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

«МУЗЕЙ TOUR: ЭКСПОНАТТАР ЭКСПЕДИЦИЯСЫ» КЕШЕНДІ ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

ТАРИХТА ТАҢБАЛАНҒАН ӘУЛИЕАТА ТҰЛҒАЛАРЫ КӨРМЕСІ

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығы мен Жамбыл өңірінен шыққан ұлы тұлғалар мерейтойына орай «Тарихта таңбаланған әулиеата тұлғалары» атты көрме ашылды.

Көрменің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдерімен қатар, Бауыржан Момышұлының немере інісі арнайы қатысып, тағылымды пікір білдірді.

Экспозицияда қазақ руханияты мен мәдениетінде өшпес із қалдырған тұлғалардың жеке заттары, сирек фотосуреттері, кітаптары мен қолжазбалары ұсынылды. Көрме ұлттық тарих пен мәдениетке деген құрметті арттыруға бағытталған.