You are currently viewing «МУЗЕЙ TOUR: ЭКСПОНАТТАР ЭКСПЕДИЦИЯСЫ» КЕШЕНДІ ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

«МУЗЕЙ TOUR: ЭКСПОНАТТАР ЭКСПЕДИЦИЯСЫ» КЕШЕНДІ ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА КЕЗЕҢІ

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде І.Жансүгіров әдеби музейі қорынан «Ілияс Жансүгіров және Қызылорда кезеңі» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Тағылымды шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Сондай-ақ көрмеге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева және Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері арнайы қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Экспозицияда Ілияс Жансүгіровтің жеке тұтынған заттары, сирек қолжазбалары, фотосуреттері мен құнды архивтік құжаттары көпшілік назарына ұсынылды. Ақынның Қызылорда кезеңіндегі шығармашылық ізденістері мен қоғамдық қызметі көрме мазмұнында кеңінен қамтылып, сол дәуірдің әдеби-рухани тынысы айқын көрініс тапты.

Көрменің мақсаты – Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен мұрасын кеңінен насихаттау, оның Қызылорда өңірімен тарихи байланысын айшықтау және жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке, тарих пен мәдени мұраға деген құрметін арттыру.

Көрме 2026 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады.