ӨРКЕНИЕТ ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚ
ТАРИХ ПЕН ТАНЫМ
РУХАНИЯТ ПЕН САБАҚТАСТЫҚ
Бүгін, яғни, 13 ақпан күні Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінде «МУЗЕЙ TOUR: ЭКСПОНАТТАР ЭКСПЕДИЦИЯСЫ» кешенді жобасы аясында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Отырар алқабының қалалық мәдениеті және тарихи-мәдени мұрасы» атты көшпелі көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Көрмеге Отырар алқабының қалалық мәдениеті, тұрғындардың күнделікті тұрмысы, егіншілік, қолөнер, сауда қатынастары мен рухани өміріне қатысты археологиялық жәдігерлер қойылды.
