You are currently viewing ОТЫРАР АЛҚАБЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ

ОТЫРАР АЛҚАБЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ

Бүгін Шиелі ауданындағы “Руханият” орталығында «Музей TOUR: экспонаттар экспедициясы» кешенді жобасы аясында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Отырар алқабының қалалық мәдениеті және тарихи-мәдени мұрасы» атты көшпелі көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Көрмеге Отырар алқабының:

▪️ қалалық мәдениеті

▪️ тұрғындардың күнделікті тұрмысы

▪️ егіншілік дәстүрі

▪️ қолөнер мен сауда қатынастары

▪️ рухани өміріне қатысты археологиялық жәдігерлер қойылды.

Шараға аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, мектеп оқушылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара соңында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұжымына аудан әкімінің атынан алғыс хат пен арнайы сый-сияпат табысталды.

📅 Көрме 17 наурызға дейін жалғасады.