You are currently viewing РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР!

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде өткен «Музей қорларын сақтау қызметі: өзекті мәселелер мен тиімді тәжірибелер» атты республикалық оқу семинарына Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі мен филиалдардың қор сақтаушылары қатысты.

Семинар барысында музей қорын сақтау саласындағы маңызды бағыттар талқыланды:

✅ Климаттық бақылау – қор бөлмелеріндегі ауа, температура және ылғалдылықты реттеу

✅ Қауіпсіздік – жәдігерлерді сақтау және тасымалдау талаптары

✅ Ғылыми сипаттама – экспонаттарды дұрыс құжаттандыру

✅ Заманауи технология – цифрлық жүйелерді енгізу

✅ Реставрация және консервация – көне бұйымдарды қалпына келтіру ерекшеліктері

Бұл тәжірибе алмасу Сыр өңірі музейлерінің қор жұмысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.