You are currently viewing Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Халықаралық суретшілер күніне орай жас суретшілердің шығармашылығына арналған Sofi Art Studio-сының ұйымдастыруымен мәдени шара өтті.

Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Халықаралық суретшілер күніне орай жас суретшілердің шығармашылығына арналған Sofi Art Studio-сының ұйымдастыруымен мәдени шара өтті.

Бұл мерекелік шара жас қылқалам шеберлерінің өнерін қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін танытуға бағытталды.

Шараға өнер жанашырлары, мәдениет қызметкерлері, ата-аналар және жас суретшілер қатысты. Қатысушылар студия шәкірттерінің жыл бойғы еңбегінің нәтижелерін көріп, олардың шығармашылық ізденісіне жоғары баға берді.

Іс-шара барысында Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы жас таланттарды арнайы марапаттармен құттықтап, олардың бейнелеу өнерінің дамуына қосып келе жатқан үлесін атап өтті.

Сонымен қатар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Көзейбаев Сапар Әлиясқарұлы, КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, “Құрмет” орденінің иегері, “Мәдениет қайраткері” төсбелгісінің иегері Аманкелді Кененбаев құттықтау сөздері мен жылы лебіздерін білдірді.

Аманкелді Кененбаев жас суретшілердің шығармашылығына ерекше тоқталып, бүгінгі балалардың өнерге деген ынтасы болашақта Қазақстан бейнелеу өнерінің жаңа есімдерін қалыптастыратынын атап өтті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Sofi Art Studio-сының оқушылары халықаралық онлайн және офлайн конкурстардың жеңімпаздары атанып, түрлі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды. Осы жетістіктердің құрметіне жас дарындарға «Жыл суретшісі» медалі табысталды.