You are currently viewing Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбековтің 95 жылдығына арналған «Халық жадындағы қайраткер» атты көрме ұйымдастырылады

Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбековтің 95 жылдығына арналған «Халық жадындағы қайраткер» атты көрме ұйымдастырылады

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбековтің 95 жылдығына арналған «Халық жадындағы қайраткер» атты көрме ұйымдастырылады.

Шараның басты мақсаты – ұлттық мүдде жолында аянбай қызмет еткен, ел тарихында есімі алтын әріппен қалған Еркін Әуелбековтің өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа дәріптеу және оның есімін ұмытылмас ету.