You are currently viewing Сырдың сырлы тарихы Өскеменде

Сырдың сырлы тарихы Өскеменде

Қызылорда облысының мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме – Сыр бойының бай рухани қазынасын, көне шежіресін және мәдени мұрасын Шығыс жұртшылығына паш ету мақсатында Өскемен қаласында ұйымдастырылды. Көрме қонақтарды Сыр бойының көне қалаларының ізімен, археологиялық жәдігерлерімен, этнографиялық мұраларымен қауыштырды. Бабалар ізі мен Алаштың асыл арманы тоғысқан, өткен мен бүгінді жалғап, халық жүрегіндегі мәңгілік рухты айқындайтын мәдени көпір – Өскемен төрінде көрініс тапты.