You are currently viewing СЫР КӨРМЕСІ СЕМЕЙДЕ

СЫР КӨРМЕСІ СЕМЕЙДЕ

Семейдің қыркүйек айындағы салқын самалына Сыр елінің рухани лебі қосылды. 19 қыркүйек күні Абай облысының орталығында Қызылорда облысының Өнер күндері аясында «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көшпелі көрме салтанатты түрде ашылды. Алаштың анасы атанған Сыр жерінің бай мәдениеті мен әдебиеті, терең тарихы мен өрнекті өнері – құнды жәдігерлер арқылы көпшілікке айшықтала түсті. Бұл көрме – өткеннің асыл қазынасын бүгінгі ұрпақпен табыстырған тағылымды көпір іспетті.