You are currently viewing СЫР ӨҢІРІ – ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

СЫР ӨҢІРІ – ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

Ұлы ойшыл, қазақ әдебиетінің дара тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы Абай облысы, Қарауыл ауылында кең көлемде аталып өтті. Мерейлі мерекенің аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мәдениет және өнер ұйымдары түрлі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырып, Абай мұрасына деген құрметін білдірді. Абай рухына тағзым еткен шаралардың бірегейі – Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Сыр бойының мыңжылдықтардан сыр шертетін тарихи-мәдени мұрасын көрсететін «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі атты жылжымалы көрмесі болды