С. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында қазақ халқының көне де киелі өнері – түкті кілем тоқу дәстүрін жаңғыртуға бағытталған шеберлер мектебінің ашылу рәсімі өтті. Бұл жоба ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы Конвенциясы аясында жүзеге асты. Мектептің негізгі мақсаты – халқымыздың дәстүрлі қолөнерін сақтау, дамыту және жас буын шеберлерін тәрбиелеу.

Салтанатты шарада Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Әлиасқарұлы Көзейбаев пен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жанерке Наурызбайқызы Шайғозова құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық өнердің маңызын атап өтті.
«ТҮКТІ КІЛЕМ – ШЕБЕРЛЕР МЕКТЕБІНЕ» ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, тәжірибелі ұстаз Қарлығаш Серікбайқызы Ильясова жетекшілік етеді.

