You are currently viewing ШАХ-ШАХ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

ШАХ-ШАХ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

2025 жылдың 7-8 қазан күндері Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі және Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалының қызметкерлері аудан территориясындағы Шах-Шах шатқалына барлау экспедициясын ұйымдастырды. Шах-Шах кешеніне алғаш рет 1959 жылы орыс палеонтологы А.Рождественскийдің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бозтөбе свитасында орналасқан кешеннен Мезозой эрасының Бор кезеңінде өмір сүрген динозаврлардың сүйектерінің қалдықтары табылады. 1968 жылы бас сүйегі ғана табылған динозавр «Аралозавр» деген атаумен ғылыми айналымға енеді. Палеонтологтардың зерттеу жұмыстары барысында гадрозавр отрядына кіретін Аралозавр 93-86 млн жыл бұрын өмір сүргені анықталады. Кейін бұл аймақ еуропалық палеонтолог-ғалымдардың қызығушылығын тудырып, әлемдік ғылыми журналдарға мақалалар жарияланады. Музей қызметкерлерінің барлау экспедициясы нәтижесінде Шах-Шах шатқалынан Бор дәуірінде өмір сүрген тіршілік иелерінің сүйектерінің қалдықтары табылды. Алдағы уақытта палеонтологиялық бұйымдар арнайы мамандар тарапынан зерттеледі.