Құрметті қала тұрғындары мен өнер сүйер қауым!
Сіздерді дәстүрлі ши тоқу шебері Календер Зылиха Амануллақызы мен этнодизайнер Халендеров Алдахияр Амануллаұлының «ҚОЙНАУЫ ТАРИХҚА ТОЛЫ СЫР ЕЛІ» атты бірлескен көрмесінің ашылу салтанатына шақырамыз!
Өтетін орны: Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы
Күні: 4 наурыз 2026 жыл
Уақыты: 11:00
Бұл көрме 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылып, ұлттық өнердің терең тамыры мен заманауи шығармашылықтың үндесуін паш ететін ерекше шара. Көрмеде дәстүрлі ши тоқу өнері мен этнодизайн бағытындағы тың туындылар ұсынылады.
Келіңіздер, ұлттық өнердің рухын сезініп, шеберлер шығармашылығымен жақынырақ танысыңыздар!
