You are currently viewing «ҮЗДІК МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ — 2025»

«ҮЗДІК МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ — 2025»

Бүгін Жаңақорған аудандық «Руханият» орталығында «Үздік музей қызметкері — 2025» облыстық байқауы өтті.

Аталмыш шараның мақсаты — музей саласы мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыру және шығармашылық әлеуетін дамыту. Байқау барысында музей қызметкерлері өздерінің кәсіби білімін, жинақтаған тәжірибесін, жаңашыл көзқарастары мен шығармашылық мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырып, саладағы үздік тәжірибелерді ортаға салды. Бұл шара музей ісін дамытуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және тарихи-мәдени мұраны насихаттауға зор ықпал етті.

🔹 БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:

🏆 «ҮЗДІК МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ — 2025» марапаты

Әжікенов Әкімжан Ержанұлына (Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері) музей ісіндегі жоғары кәсіби біліктілігі, ғылыми-зерттеу бағытындағы жүйелі еңбегі және тарихи-мәдени мұраны сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін табысталды.

🎖 НОМИНАЦИЯ ИЕГЕРЛЕРІ:

✨ «Шынайы шедевр» номинациясы

Ерболқызы Жұлдызға (Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің қор сақтаушысы) музей қорын сақтау мен экспозицияларды мазмұнды әрі сапалы ұсынудағы жауапкершілігі үшін берілді.

🔍 «Зерттеу ісінің үздігі» номинациясы

Бақтыбаев Әзірбек Ілиясбекұлына (Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері) өлкетану саласындағы ғылыми ізденістері мен тың деректерді ғылыми айналымға енгізудегі белсенділігі үшін табысталды.

🎨 «Креативті маман» номинациясы

Алиханова Эльмира Сабырханқызына (Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы) музей қызметін жаңаша форматта дамытуға бағытталған шығармашылық бастамалары үшін берілді.