You are currently viewing ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МУЗЕЙДЕ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МУЗЕЙДЕ

Халқымыз үшін аса маңызды қоғамдық-саяси алаң — Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысына қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар облыстық музейде болды. Қонақтар өңірдің тарихы мен мәдени мұрасымен танысып, музей қорындағы бірегей жәдігерлерді тамашалады. Экскурсия барысында ұлттық құндылықтар, тарихи кезеңдер мен рухани сабақтастық туралы кеңінен мағлұмат берілді.