Жергілікті қылқалам шеберлерінің таңғажайып туындыларын Сыр жұртшылығына насихаттау, ұлттық өнердің дамуына үлес қосу мақсатында 2014 жылдың қараша айында тарихи ескерткіштер тізіміне енген бұрынғы әскери комиссариат ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, облыстық музейдің бір бөлімі Көркемсурет галереясы ашылды.
Галерея қорында елімізге белгілі суретшілер Әбілхан Қастеевтің, Г.Хлудовтың, Г.Исмаилованың, А.Ғалымбаеваның, С.Сенчихиннің, Қ.Мамақовтың, Қ.Қожықовтың және Қазақстан бейнелеу өнеріне өзіндік үлес қосқан, Қазақстан суретшілер Одағының мүшелігіне енген жергілікті қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан туындылары сақтаулы.
Галереяның бірінші қабатында 3 көрме залы, 2-ші қабатта қылқалам шеберлері мен қолөнершілерге шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беретін 4 шеберхана жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің кәсібін дамыту мақсатында арнайы сатылым бұрышы ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен ағаштан жасалған кәдесыйлар қойылған.
2019 жылы халықаралық суретшілер симпозиумы өткен болатын. Осы симпозиум барысында көркемсурет галереясына кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қызылорда облысының тумасы Салихитдин Айтбаевтың есімі берілді.
Галерея қорында қазіргі таңда Қазақстанның белгілі және жергілікті суретшілерінің 900-ден аса туындылары сақталған.
Арал аудандық тарихи-өлкетану музейі 1988 жылы 25 маусымда ашылды. Кейін Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1988 жылғы 5 тамыздағы қаулысымен дербес мемлекеттік музей болып бекітілді. 2019 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып қайта құрылды. Арал өңірінде өмір сүрген ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінде тұтынған бұйымдары, киім-кешектері, Арал теңізінің кешегісі мен бүгінгісі жайында баяндайды. Нұртуған Кенжеғұлұлынан бастау алатын, Арал теңізі жағалауының топырағынан жаралған ақын-жазушылардың, термеші-жыраулардың, сазгерлердің, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерінің, ҚР-ның Мәдениет қайраткерлерінің, қолөнер шеберлерінің, суретшілерінің фотолары, шығармалары, белгілі суретшілердің картиналары, т.б. көптеген құнды жәдігерлер экспозицияда орналасқан. Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінің қорында 11110 -нан аса жәдігерлер сақталған.
Музейде 5 экспозициялық зал бар:
- «Археология мен этнография» залы;
- «Өнер мен әдебиет» залы;
- «Өлке тарихы» залы,
- «Тәуелсіз Қазақстан» залы,
- «Галерея» залы
Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінің бөлімшесіне «Балықшылар» және «Суреттер сыр шертеді» музейлері кіреді.
Қызылорда облысындағы Арал теңізі балық шаруашылығының дамуы тарихынан мол мәлімет беретін музейлердің бірі «Балықшылар» музейі бөлімі. «Шарткен
-Ата» қоғамдық бірлестігі Президенті Қ.Саржановтың ұсынысымен бір қабатты балықшылар музей ғимараты 2012 жылдың 1 шілдесінде ресми түрде ашылды.
Балықшылар музейіне реставрация және реэкспозиция жұмыстары 2021 жылы жүргізілді.
Музей ғимаратына 5х25 метр болатын «Лев Берг» кемесі жалғасып, ауласында өткен ғасырдағы балықшылардың үш кемесі жәдігер ретінде тұр және «Ашық аспан астындағы музей көрмесі» ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда музей қорында 2000 экспонат жинақталған көрермендерге «Балықшылар » және «Кемелер » залы көрсетіледі.
Экспозициялық қатардан Социалистік еңбек ерлері,мемлекеттік лауреат атағына ие балықшылардың және қоғам қайраткерлерінің портреттері мен қатар Арал балықшыларының өмірінен сыр шертер тарихи суреттер мен Арал теңізі тақырыбында салынған бояқтар ілінген.
Сонымен қатар,өткен дәуірді көз алдына әкелу мақсатында жасалған Арал теңізі тақырыбында деректі фильмдерді бейне проектор арқылы тамашалау және көрерменнің басқаруымен жүзеге асырылатын теңіз кемесінің заманауи жүзу процесі,балықшылардың және кеме капитандарының құрал -жабдықтары орын алып тұтас бір дәуірді бейнелейді.
Музей қызметінің негізгі мақсаты - Арал теңізінің өткен тарихы мен материалдық рухани байлықтарды жинақтау ,сақтау және көпшілікке насихаттау.
Арал қалалық тарихи музейі (Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы)
Арал қалалық тарихи музейі Арал ауданы әкімінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 494 қаулысымен құрылған. XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткер, публицист, қоғам қайраткері, Халық жазушысы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке байланысты жәдігерлерді зерделеудің біртұтас жүйесін құрып, ұлт әдебиетінің жазба ескерткіштерін жаңғырту және жинақтау мақсатында жасақталған музей Қызылорда облысы, Арал қаласы, Байқоңыр көшесі № 22 үйде, 9 бөлмелі, бір қабатты ғимаратта орналасқан. Музей қорында жазушының орыс, неміс, француз, поляк тілдеріне аударылған шығармалары, қолжазбалары, тұтынған заттары бар.
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды елді мекеніне қарасты Үшкөң ауылында дүниеге келген.
Экспозициялық залда жазушының қоғам қайраткерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен, өз замандастарымен, отбасымен түскен суреттері орналасқан. Музейде жазушының жұмыс кабинеті, жатын бөлмесі, ас бөлмесі, жуынатын бөлмелері бар.
2015 жылы 15 қарашада Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романының кейіпкерлері Жәдігер мен Бәкизатқа арналған символикалық белгінің ашылуы болды. Салтанатты шараға жазушы өз отбасымен келіп қатысты. Қоладан құйылған белгінің биіктігі 2 метр 50 см, ені 3 метр 60 см, авторы Ақтаулық мүсінші Көшер Байғазиев.
2019 жылы 22 қазанда жазушының 95 жасқа толған мерейтойына орай ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаев Ә. Нұрпейісовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді. Сол жылы «Қазығұрт» баспасынан қаламгердің жеті томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Жазушы 2022 жылы 5 ақпанда 98 жасқа қараған шағында дүниеден озды, Алматы қаласындағы "Кеңсай-2" зиратында жерленген.
«Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейі» филиалы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып 2014 жылғы 8 тамыздағы Қазалы ауданы әкімдігінің № 282 қаулысымен құрылып, 2018 жылдың 22-наурызында ашылып, жұмыс жасап келеді. 2025 жылдың 9- мамыры күні Руханият орталығына көшіріліп, халыққа қызмет жасап келеді.
Филиал меңгерушісі – Мақсатбаев Әзілхан Нағашыбайұлы
Ғимараттың жалпы аумағы 421,8 ш/м. Музейдің көлемі: 313,8 ш/м
Музей экспозициясында аудан тарихының құрылуынан бастап, елді басқарған басшылардың және әр салада қызмет атқарған тұлғалардың фото суреттері, құжаттары қойылған. Сонымен қатар өлкемізден шыққан батырлар мен мемлекет қайраткерлері, ақын – жазушыларымыз , Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысының ардагерлері, еңбек ерлері, қуғын – сүргін құрбандары туралы материалдар өлкемізді тануға негізделген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, ірі тарихи маңызы бар оқиға – Ата заңымыздың т.б. құжаттардың қабылдануы, Тәуелсіздік жылдарынан бергі өз өнімдерін халыққа ұсынып отырған жергілікті кәсіпкерлердің жеткен жетістіктері, өңдірген өнімдері музей экспозициясында орын алған.
Музей экспозициясының ортасынан орын алған қазақтың киіз үйі,ұлттық киімдер, шеберлердің қолынан шыққан ер—тұрмандар, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері, қару – жарақтар, ағаш ыдыстар мен мал терісінен жасалған бұйымдар қойылған.
Музей қорында қазіргі таңда – 5088 дана экспонат есепте тұр. Негізгі қорда – 3347 дана, көмекші қорында – 1741 дана экспонат бар.
Орта Азия мен Қазақстанда жастар ұйымын талантты ұйымдастырушыларының бірі, көрнекті қоғам қайраткері,өз заманының патриоты, Қазалы топырағының даңқты перзенті Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі Қызылорда облысы, Қазалы аудандық Кеңесінің шешімімен 1968 жылы 7 қарашада ашылды. Музейге ХІХ ғасырдың соңында Сібірден әкелінген ағаш бөренелерден тұрғызылған орыс саудагерінің үйі болған, кейін Кеңес өкіметі орнаған жылдары бірінші сайланған Еңбекшілер депутаттары Қазалы қалалық Кеңесінің кеңсесі орналасқан ғимарат берілді. (бұл ғимарат республикалық санаттағы ескерткіштер қатарында).
Музей Қазалы қалалық кітапханада 1967 жылы ұйымдастырылған мүйіс-көрме негізінде ашылды.Бұл мүйісті ұйымдастыруға ұстаздар М.Жанұзақов, Б.Құлсейітов, кітапханашылар С.Төлегенов, Ж.Төлеповалар атсалысты.Ғаниға қатысты көптеген құжаттар мен суреттер Алматыда тұрған зерттеуші-журналист Сейілхан Асқаровтан сол жылдардағы аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары Теңел Жұмабаев арқылы алынды.
1968 жылы музей алғаш ашылғанда 200 жәдігер, 3 зал болса, бүгінгі таңда музей қорында бес мыңға жуық экспонат бар. Музейде бұл күнде сегіз экспозициялық, бір көрме залы жұмыс жасайды. Ғанидың балалық шағынан бастап, ақтық сапарға аттанғанға дейінгі өмір жолы осы залдарға кезең-кезеңмен орналастырылған. Сондай-ақ, музей қорында оның өз қолымен жазылған хаттары, көпшілікке беймәлім құжаттары мен фотосуреттері бар. Сонымен бірге, қызметтес болған серіктерінің, замандастарының естеліктері мен кітаптары да жинақталған.
Мекен-жайы: Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті,Жолдыбаев №11
Қызметтік/телефон: - 87243722975
Электронды адрес: - Karmakshy_museum@mail.ru
Фейсбук сілтемесі: - https://www.facebook.com/share/p/1Kkw9AzgMs/
Инстаграм сілтемесі: - https://www.instagram.com/karmashy.museum?igst-
Тик-ток сілтемесі -https://www.tiktok.com/@karmashy.museum?igst-
Қызмет бағыты: Өлкетануға негізделген музейлік қызмет. Тарихи-мәдени құндылығы бар жәрігерлерді жинақтау, сақтау, зерделеу, экспозициялық көрмелер, экскурсиялар, өлке тарихын насихаттау бағытында бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру.
Музей Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №704 қаулысымен «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып құрылған. 2024 жылдың 10 желтоқсан айынан бастап кент орталығында жаңадан салынған Руханият орталығына көшірілді.
Жалпы музейдің көлемі – 382,3шаршы метр, экспозициялық залдың көлемі – 313,8 шаршы метр.
Музейдің «Қармақшы ауданының тарихы» экспозициялық залында «Кіріспе», «Табиғат», «Сыр өңірінің сақ өркениеті», «Жетіасар», «Қасиетті нысандар, «Қорқыт ата», «Археология», «Этнография», «Ұлы Отан соғысы», «Өнер және мәдениет», «Спорт», «Білім», «Медицина», «Ауылшаруашылық» тақырыбында бұрыштар орналасқан.
Бүгінде музейде 8 маман қызметкер еңбек етеді. Қазіргі таңда музей қорында 6240 экспонат сақтаулы. Оның 4842 негізгі, 1398 көмекші қор. Қордағы экспонаттардың 43 пайызы заттай, 57 пайызы құжаттық, деректік материалдар болып келеді.
Музей өлкетану бағытында жылма-жыл 8-9 мың көрерменге мәдени-рухани қызмет көрсетеді. Музей жанында «Рухани құнды естелік», «Музейлік білім – рухани тәлім», «Жас өлкетанушы»жобалары жұмыс жасайды. Қызметтік талаптарына сәйкес көшпелі және музейішілік көрмелер, экскурсиялар, айтулы азаматтарын насихаттау мақсатында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырып отырады.
Мекен-жайы: «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, А. Құнанбаев к-сі, №57»
Қызметтік/телефон:-
Электронды адрес:
- kzhapakov@mail.ruФейсбук сілтемесі:
- https://www.facebook.com/share/1GVex2ejqz/Инстаграм сілтемесі:
https://www.instagram.com/zhalagash.muzei?igsh=MWtrcmJ5amF1ZGkzMg==Тик-ток сілтемесі:
- https://www.tiktok.com/@zhalagashmuzei?_t=ZM-8ytjg8Yi99c&_r=1Қызмет бағыты:Аудандық музейдің негізгі қызметі–ұлттық мәдениет саласында мемлекеттік саясат пен мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функциялары мен мемлекетіміздің тарихи-мәдени мұрасын жүзеге асыру және музей ісін көпшілікке танытуды қамтамасыз ету болып табылады. Тарихи-мәдени құндылығы бар жәрігерлерді жинақтау, сақтау, зерделеу, тарихи-танымдық көрмелер, экскурсиялар, өлке тарихын насихаттау бағытында бұқаралық жұмыстар мен мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру.
2025 жылдың 31 қаңтар күні музей кент орталығында жаңадан салынған аудандық «Руханият орталығына» көшірілді.
Жалпы музейдің көлемі – 413,8 шаршы метр, экспозициялық залдың көлемі – 313,8 шаршы метр.
Музейдің «Жалағаш ауданының тарихы» экспозициялық залында «Кіріспе», «Табиғат», «Жалағаш ауданының тарих және мәдениет ескерткіштері», «Аудан көлемінің ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. әлеуметтік-экономикалық тарихы», «Алаш» қозғалысының тарихы», «1930 жылғы Қарақұм көтерілісі, депортация, репрессиялар», «1939 жылы Жалағаш ауданының құрылуы», «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы», «Өнер және мәдениет саласы», «Спорт саласы», «Халық-ағарту және білім саласы», «Медицина саласы», «Ауылшаруашылық саласы», «Жалағаш ауданы Тәуелсіздік жылдары» тақырыбында экспозициялар орналасқан.
Бүгінде музейде 8 маман қызметкер еңбек етеді. Қазіргі таңда музей қорында 9213 экспонат сақтаулы. Оның 4650 негізгі, 4563 көмекші қор.
Музей өлкетану бағытында жылма-жыл 6-7 мың көрерменге мәдени-рухани қызмет көрсетеді. Музей жанында «Мирас», «Жас өлкетанушы»үйірмелері жұмыс жасайды. «Бір жәдігер сыры», «Тұлғалар түлеген ауыл», «Жалағаш ауданы көлеміндегі жер-су атауларының тарихы», «Аталар ерлігі–мәңгілік !» атты музейлік жобалар жүзеге асырылуда. Қызметтік талаптарға сәйкес көшпелі және музейішілік көрмелер, экскурсиялар, айтулы азаматтарын насихаттау мақсатында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырып тұрады.

2025 жылдың 20 ақпанында Сырдария ауданында «Руханият» орталығының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, құқық қорғау органдарының басшылары, өнер және қоғам қайраткерлері, аудан тұрғындары қатысты.
Бұл орталық – музей, кітапхана, архив, жастар, ардагерлер және аналар үйлері секілді бірнеше мекемелерді бір шаңырақ астына біріктіретін заманауи кешен. Орталықтың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Орталықта орналасқан Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі 1990 жылы қоғамдық бастамамен құрылып, 1997 жылдан бастап аудандық музей ретінде қызмет атқарады. Музей қорында 11 000-нан астам экспонат сақталған. Экспозицияда Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің депутаттары, білікті аудан басшылары, соғыс және еңбек ардагерлерінің құнды заттары, сондай-ақ қолөнер шеберлері мен суретшілердің туындылары ұсынылған.
«Руханият» орталығының ашылуы – Сырдария ауданының мәдениеті мен тарихын дәріптеуге, ұлттық рухты көтеруге бағытталған маңызды қадам. Орталықта түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар, көрмелер, кездесулер ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына рухани азық болмақ.

Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейі сегіз қырлы, бір сырлы, ақиық ақын, талантты композитор, күміс көмей әнші, замана бұлбұлы Нартай Бекежановтың өмірі мен шығармашылық жетістіктеріне арналған. Нартай музейі Қызылорда облыстық атқару комитетiнің 1990 жылғы № 23 қаулысына сәйкес 1993 жылы 25 қазанында негiзi ретiнде құрылды. Музей қабырғасы целикат қышынан өріліп, екi қабатты, екi күмбездi шығыс үлгісімен салынған. Музейдің жалпы көлемi 384,1 шаршы метр.
Көлемі 296,1 шаршы метрден асатын экспозициялық алаңға 4 зал орналасқан
Жалпы қорда – 15947 экспонат, негізгі - 9446, көмекші - 6501 экспонат тіркелген.
Зал «Шапағаты мол жылдар», 2- зал “Панорама”, 3- зал «Нартайдың жеткен жетістіктері», 4-Зал «Нартайдың қара шаңырағы».
Н.Бекежановтың құжаттары мен фотосуреттері, өнер жолындағы ізбасарларының суреттері мен құжаттары музей залдарына қойылған. Киіз үй ішіндетүкті және тақыр кілемдер, түскиіздер, қоржындар мен кесеқаптар тұр. Келушілер саны – 1993 - 2023 жыл аралығында 80 мың адам.
Музей 1978 жылдан 1982 жылға дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Шиелі ауданындағы филиалы негізінде құрылып, Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №150-р қаулысымен 30 сәуір 1982 жылғы және Қазақ ССР Мәдениет Министрінің 13 мамыр 1982 жылғы № 167 бұйрығына сәйкес, Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі болып ашылды.
2019 жылдың ақпан айынан бастап, облыс әкімінің 28 желтоқсан 2018 жылғы №1301 санды Қаулысының негізінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі филиалы болып құрылды.
Музейге 2016 жылы Ы.Жақаев ауылынан жаңа ғимарат салынып, пайдалануға беріліп, реэкспозиция жұмыстары жүргізілді.
Жалпы музейдің ауданы 339,7 м2, ғимараттың ауданы – 268,1 м2 құрайды.
Қазіргі таңда музей қорында 10983 дана экспонат бар. Оның 7126 данасы негізгі қорды құраса, 3857 данасы қосымша қорды құрайды. Музей үш көрме залынан тұрады.
Музей залдары Орта Азия мен Қазақстанда күріш өсіру диқаншылығы біздің жыл санаумыздан бұрын ІІІ-І ғасырларда дамығанын. ХІХ ғасырдың аяғында Сыр бойында тұрақты күріш өсіру Шиеліде басталып, кейіннен Шіркейлі, Қуаңдария бойында тарағанын, күріш жерін дайындау, суғару, орып жинаудан бастап, қапқа түскенге дейінгі еңбегі қанша қиын болса, бай – феодалдарға алым – салық төлеу одан да қиын болғанын көрсетеді.
Ыбырай Жақаевтың қоғам қайраткері, халқының қалаулысы болғандығы және шетелдерге сапары, өмірінің соңына дейінгі еңбек жолдары, 1964 жылғы облыс жастарына жазған Үндеу хаты, осы хат негізінде жахаевшылар қозғалысының басталу кезеңдері және Ыбырай Жақаевтың облыс көлеміндегі ізбасарлары мен, аудан елді-мекендерінің, аудан көлемінен шыққан еңбек майталмандарының еңбек жетістіктері, Жақаевшы жастардың екпінді еңбегі экспозицияланған.
Мекен-жайы: Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті, М.Көкенов №35А
Қызметтік/телефон: - 87243522173
Электронды адрес: - Muzei_janakorgan@mail.ru
Фейсбук сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100024104740826
Қызмет бағыты: Өлкетануға негізделген музейлік қызмет. Тарихи-мәдени құндылығы бар жәдігерлерді жинақтау, сақтау, зерделеу, экспозициялық көрмелер, экскурсиялар, өлке тарихын насихаттау бағытында бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру.
Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі Қазақстан Мәдениет министрлігінің 1992 жылғы 2 мамырдағы №144 қаулысымен құрылған. Музейдің жаңа үлгідегі экспозициясы 2005 жылдың 30 маусымында 1905 жылы салынған орыс-қазақ мектебі ғимаратында орналасқан. 2025 жылдың 16 ақпан айынан бастап кент орталығында жаңадан салынған Руханият орталығына көшірілді.
Жалпы музейдің көлемі – 646 шаршы метр, экспозициялық залдың көлемі – 307,3 шаршы метр.
Руханият орталығында «Жаңақорған ауданының тарихы» экспозициялық залында «Кіріспе», «Табиғат», «Сығанақ қаласы – үш хандықтың астанасы», «Қасиетті нысандар», «Археология», «Кеңес Одағы кезеңі», «Ұлы Отан соғысы», «Тарихи тұлғалар», «Социалистік Еңбек Ерлері мен ауылшаруашылық», «Өнер және мәдениет», «Спорт», «Білім», «Медицина», «Тәуелсіздік» тақырыбында бұрыштар орналасқан.
Бүгінде музейде 6 маман қызметкер еңбек етеді. Қазіргі таңда музей қорында 12126 экспонат сақтаулы. Оның 7643 негізгі, 4483 көмекші қорға жатады.
Музей өлкетану бағытында жыл сайын 10-12 мың көрерменге мәдени-рухани қызмет көрсетеді. Музей жанында «Асыл мұра», «Жас өлкетанушы»жобалары жұмыс жасайды. Қызметтік талаптарына сәйкес көшпелі және жылжымалы көрмелер, экскурсиялар, киелі жерлер мен тарихи тұлғаларды насихаттау мақсатында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырып отырады.