Бөлімде 4 маман қызмет атқарады. Бөлімнің басты қызметі экспозициялық залдарға шолу және тақырыптық экскурсиялар, түрлі туристік маршруттық экскурсиялар, атаулы күндерге орай түрлі іс-шаралар ұйысдастыру, музейлік жобалар мен уақытша көрмелерді ақпаратпен қамтамасыз ету. Бөлім қызметкерлері экскурсиялық және дәрістік қызмет көрсетіп, кеңінен таныстырады. Насихаттау, білім беру бағыттары бойынша музей ісінің тиімділігін арттыруда өзінің әлеуметтік қызметіне сай жоспарланған және жоспардан тыс мәдени-шаралар өткізіп, әрбір даталы күндерге сәйкес еліміздің тарихы мен өнерін дәріптейтін шаралар ұйымдастырады. Ғылыми және қоғамдық мерекелерге арнап әртүрлі іс-шаралар, тақырыптық дәрістер, мектеп оқушылары арасындағы конкурстар ұйымдастырады, сонымен қоса әр түрлі деңгейдегі (республикалық, облыстық) конференциялар мен семинарларға қатысып, басқа да музейлермен байланыс жасайды. Облыстағы туризм саласын дамытуға ат салысады. Мәдени-ағарту қызметінің әр түрлі формаларын жүзеге асырады, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жоғары оқу орындарымен, мектептермен тығыз байланыс орнатады. Бөлім қызметкерлері жергілікті телеканалдармен бірлесіп, атаулы күндерге арналған шаралар мен музей туралы түрлі телехабарлар ұйымдастырады. Көпшілікті музей коллекциясымен және қызметімен таныстырады және газет-журнал беттерінде сұхбаттар мен мақалалар дайындайды. Музей залдары бойынша әдістемелік жазылымдар дайындайды, экспозицияға қосылған жаңа экспонат туралы мәліметтер жинақтайды, түрлі тақырыптағы ұйымдастырылатын шараларға шақыру билеттері мен қажетті құжаттарды дайындайды. Музейге келушілерді кеңінен тарту, халық арасында музей қызметін жарнамалау мақсатында музей жанынан құрылған «Мирас» үйірмесі бойынша жұмыстар атқарып, бизнес-жоспарлар жасап, жүзеге асырады. Тапсырыстар бойынша Қызылорда қаласының көрікті және тарихи орындарына маршруттық экскурсиялар ұйымдастырады.

«Өлке тарихы» ғылыми-зерттеу бөлімінің негізгі қызметі

«Өлке тарихы» ғылыми-зерттеу бөлімінің негізгі қызметі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Бөлімнің мақсаты – музей қорын өлке тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды экспонаттармен толықтыру, экспонаттарды зерттеу және осы сала бойынша ғылыми-ағартушылық жұмыстарын жүргізу.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Ғылыми-зерттеу жұмыстары төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • музей қорындағы құнды экспонаттарды зерттеу;
  • музейдің ғылыми концепцияларын өңдеу;
  • музей қорындағы экспонаттарға ғылыми сипаттама беру, музей коллекциясының қол жетімділігін арттыру үшін цифрлық мәліметтерге айналдыру мақсатында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында "АС-Музей" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ғылыми зерделеу және тиімді пайдалану мақсатында жұмыстар жүргізу.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша қызметкерлердің ғылыми мақалалары ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-танымдық конференциялардың жинағы, БАҚ құралдарында жарияланып отырады. Сонымен бірге экспонаттардың каталогтарын шығарумен айналысады.

Экспедициялық жұмыстар

Бөлім қызметкерлері жыл сайын облыс аумағындағы өлке тарихы мен мәдениетіне қатысты музейлік маңызы бар жәдігерлерді жинақтау жұмыстарымен айналысады.

Ғылыми-ағартушылық жұмыстары

Бөлім қызметкерлері ғылыми-ағарту, білім беру мекемелерінде арнайы өлке тарихы мен мәдениетіне қатысты танымдық лекциялар, ашық сабақтар, кеңестер, жылжымалы көрмелер, дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізеді.

Көрмелік жұмыстар

Бөлім қызметкерлері өлке тарихы мен мәдениетіне қатысты тарихи-танымдық көрмелердің тұжырымдамаларын жасап, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.

Жинақтау жұмыстары

Музейлік маңызы бар жаңа құнды экспонаттарды жинап, ғылыми-зерттеу экспедицияларының нәтижесінде жинақталған экспонаттарға зерттеулер жасап, оларды ғылыми айналысқа енгізеді. Ғылыми экспедициялар мен іссапарлар ұйымдастырады.

Жобалар

Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Осы орайда, «Жас өлкетанушы» ғылыми-білім жобасы арқылы қаладағы оқу білім беру мекемелерінің ынталы жастарымен жас зерттеушілерін өлкеміздің тарихына ғылымға баулуға, ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарды насихаттауды қолға алуға, жастардың музейге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Жас зерттеушілер Қызылорда облысы тұрғындары арасынан музейлік маңызы бар құнды жәдігерлерді жинақтап, ғылыми сипаттама жасап, толық ғылыми тұрғыда мағлұмат береді.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қызылорда облысындағы жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштерге «SACRAL ТУР» тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастырылып келеді.

Қызылорда облысында әр сала бойынша еңбек еткен танымал тұлғалардың еңбегі мен қызметін баяндайтын алғаш рет «Музей энциклопедиясы» жобасы жұртшылық назарына ұсынылып келеді. Музей қорында жинақталған 1975-1985 жылдар аралығындағы оқу-ағарту, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет салалары бойынша құнды материалдарды насихаттау, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

«Бұл үйде кім тұрған» танымдық жобасы. Қызылорда қаласы 1925-1929 жылдар аралығында бүкіл Қазақ АКСР-нің астанасы болды. Сол уақытта Сыр елінде жұмыс жасаған қазақ Кеңес әдебиеті майталмандары (С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов т.б.), Кеңес Үкіметі тұсында облыс бойынша қызмет еткен Социалистік Еңбек Ерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері (Е.Әуелбеков, Ғ.Мұхамеджанов, Т.Есетов т.б.) тұрған үйлері анықталып, ескерткіш тақталары орнатылған. Бұл жоба арқылы ұмытылып бара жатқан тұлғалардың есімдерімен байланысты үйлердің тарихын, олардың өмір деректерін насихаттау көзделген.

"Археология және этнография" ғылыми-зерттеу бөлімі қызметі

"Археология және этнография" ғылыми-зерттеу бөлімі археологиялық және этнографиялық зерттеулер жүргізу, музейдің ғылыми қорындағы құнды экспонаттарға сараптаулар жасап, оларды хаттап-құжаттау, археология және этнография тақырыптарына сай түрлі көрме экспозицияларын жасақтаумен айналысады. Сонымен қатар, археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге жүргізілетін қазба жұмыстарына қатысып, археологиялық олжаларды тіркеу жұмыстарымен айналысады.

Этнография саласы бойынша ғылыми ізденістер жүргізу, жинақталған деректерді сұрыптау және нақты тұжырымдар жасау, оларды музей қорына тапсыру, облыс аумағындағы "Сыр өңірі бойынша далалық экспедиция және эмпирикалық зерттеулер" тақырыбында этнографиялық экспедицияларды ұйымдастыру, түрлі тақырыптарға көрмелер мен экспозицияларды жасақтау, мәдени шаралар мен тағылымдық сабақтар өткізу – бөлім жұмысының негізгі бағыты.

Бөлім этнограф ғалымдармен, қолөнер шеберлерімен кездесулер ұйымдастырып, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізеді. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметіне қатысты ғылыми мақалалар жариялау, сұхбаттар беру, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау мақсатында жергілікті телеарналармен біріккен жобалар жүргізеді.

Бөлім көрмелік жұмыстар бойынша экскурсанттарға толыққанды ақпарат беріп, археологиялық және этнографиялық жәдігерлерді таныстыру арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттап, тарихқа қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Бөлім қызметкерлері облыс аумағы бойынша этнографиялық-фольклорлық экспедициялар ұйымдастырып, музей қорын толықтырады. Сондай-ақ, облыстағы ежелгі және ортағасырлық қалашықтарға (Шірік-Рабат, Кескен-Күйік, Жанкент, Асанас, Сортөбе, Қышқала, Сығанақ) жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарына қатысады.

Негізгі жобалары:
  • "SACRAL ТУР" – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын тарихи-танымдық экскурсиялар (Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы).
  • "VILLAGE LIFE" – қала жастарын ауыл өмірімен, мал шаруашылығымен, атқа міну мәдениетімен таныстыруға бағытталған жоба.
  • "БОЛАШАҚ ЭКСПОНАТ" – мектеп оқушылары арасында экспонатқа айналуы мүмкін құндылықтарды анықтау бойынша видеожоба (2019 ж.).
  • "АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МИКРОӘЛЕМ" – жастарға археологиялық зерттеулерді таныстыруға арналған тимбилдинг (Алтын Орданың 750 жылдығына орай).
  • "АСЫЛ МҰРА" – археологиялық және этнографиялық экспонаттарды насихаттайтын тележоба ("Qogam TV", 2020 ж.).
  • "МУЗЕЙ РАДИОСЫ" – музейлік подкасттар мен теле-радиобағдарламалар жобасы (2021 ж.).

Бөлім қызметкерлері облыстық және республикалық телеарналармен (Қазақстан-Қызылорда, Мир, Қоғам ТВ) тығыз байланыс орнатып, музей қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттап келеді.

Қор бөлімі

Қандайда болмасын музейдің негізгі құндылығы қор байлығымен анықталады. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында өлкенің ерте заманан қазіргі кезеңге дейінгі тарихын сипаттайтын материалдық және рухани мәдениеттің құндылықтары сақталған. Музейдің барлық ғылыми бөлімдердің негізгі жұмысы музей қорымен тығыз байланысты және бұл жұмыс музей заттарын есепке алу, сақтау, ғылыми тіркеу, ұдайы толықтыру және ғылыми паспорттау мен зерттеуге тікелей бағытталған.

Қор бөлімінің басты міндеті

Музей қорын толықтыру, есепке алу, музейлік заттарды ғылыми тұрғыда зерттеу, өңдеу, сипаттап жазу, оларды таңбалау, сақтау орнын ұйымдастыру, түгендеу, тексеру болып табылады.

Қордың құрылымы

Музей қорының құрылымы мен құрамы негізгі және көмекші қордан құралады. Музейдің негізгі қорында – тарихи маңызы бар құнды музейлік фото-құжаттар, археологиялық жәдігерлер, нумизматикалық материалдар, этнографиялық және зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар, бейнелеу өнері туындылары бар. Ал, көмекші қорда – көшірмелер, сақталуы нашар, екінші данасы көрсетілген заттар (көшірме) кіреді.

Бүгінде музейдің жалпы қор саны 65939 дана экспонат (10.07.2024ж.), оның ішінде:

  • 39007 дана – негізгі қор;
  • 26932 дана – көмекші қор.
Коллекция бағыттары:
  • Археология;
  • Фото-құжаттар;
  • Нумизматика (қағаз, тиын ақшалар);
  • Кітап, қолжазбалар;
  • Этнография (ағаштан, металл, ыдыстар, зергерлік бұйымдар, жүннен жасалған бұйымдар мен киімдер т.б.);
  • Мүсін;
  • Бояқ;
  • Әуез аспаптары;
  • Кеуде белгілер (орден, медальдар);
  • Бейнелеу өнері (мүсін, картина);
  • Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар;
  • Қару-жарақтар (ат-әбзелдері, қару түрлері).
Есепке алу және толықтыру жұмыстары

Музей қорларын есепке алу – қор жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Барлық музей заты мен коллекциялары мемлекеттік есепке алынады. Музей заттары мен коллекцияларын есепке алу – оларды сәйкестендіру, сақтау жағдайын бақылау, ғылыми тіркеу және арнайы құжаттарға тіркеу болып табылады.

Музей қорын мемлекеттік есепке алу екі кезеңмен жүргізіледі: жаңа түсімдерді алғашқы есепке алу және ғылыми тіркеу. Осыған байланысты музей заттары алғашқы тіркеуден кейін олардың ғылыми сипаттамасын жасау арқылы толық тіркеледі.

Қорды толықтыру

Музей қоры бірнеше жолдармен толықтырылады: ұйымдар мен тұлғалардың сый-тартулары, сатып алу, жинақтау жұмыстары, археологиялық және этнографиялық экспедициялар нәтижелері.

Қалпына келтіру жұмыстары

Қалпына келтіру жұмыстары – жаңа технологияларды зерттеу және экспонаттарды сақтау шешімдерін қарастыруға бағытталады. Экспонаттар музейге түскен уақыттан бастап қор бөлімі қызметкерлерінің назарында болады.

Қор бөлімінің басқа міндеттері
  • Қордан сыртқа шығатын экспонаттардың актілерін жасау;
  • Картотекамен жұмыс істеу;
  • Экспонаттарды суретке түсіру және сипаттама беру;
  • Көрмелерге дайындау;
  • Жалпы каталогпен жұмыс жасау.
Бөлім музей экспозициясының тарихи-хронологиялық, кешенді-тақырыптық, өзектілік принциптері бойынша орналасуына жауап береді. Экспозиция материалдарын топтау жұмыстарымен айналысады. Экспозициядағы ғылыми-көмекші материалдарға: этикетаж, мәтіндерді орналастыруға және олардың экспозициядағы роліне жауап береді. Музей қорындағы жиналған коллекцияларды ашу мақсатында музей көрмесін жобалап, тақырыптық арнаулы күндерге арналған көрмелерді жабдықтап, көрермен назарына ұсынады. Бөлім қызметі - музей коллекцияларының түсірілім және суретке түсіру кезінде қолжетімділігін қамтамасыз ету, музей коллекцияларының көшірмелерін басып шығару, музейдің көрме және баспа жобаларын ақпараттық қамтамасыз ету, демеушілермен және қорлармен жұмыс істеу болып табылады. Бөлім жұмысының негізгі бағыттары: мекемелердің, жеке коллекциялардың, соның ішінде Қазақстандағы басқа музей қорларының коллекциялары негізінде көрме жобаларын ұйымдастыру және қатысу; уақытша көшпелі көрмелерді ұйымдастыру және Қазақстандағы барлық музейлермен бірлескен жобаларға қатысу; көрмелерді ұйымдастыру мен өткізуде музейдің мекемелермен, шығармашылық одақтармен, жеке тұлғалармен өзара іс-қимылын құжаттамалық қамтамасыз етуді; музейдің көрмелік қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауға қатысу, музейдегі көрме жобалары мен іс-шараларын дайындау және жүзеге асыру үшін әртүрлі музей қызметтерінүйлестіру