Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының мұрасын ұлықтау мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Абай – ұлт рухының темірқазығы» атты көрме өтеді.
Көрмеде Абайдың өмірі мен шығармашылығына, ағартушылық қызметіне және қазақ руханиятындағы ерекше орнына арналған музей қорындағы құнды жәдігерлер, фотосуреттер мен танымдық материалдар көпшілік назарына ұсынылады.
Абайдың тағылымға толы мұрасы – ұлт руханиятының мәңгілік темірқазығы. Көрме келушілерге ұлы тұлғаның өмір жолы мен шығармашылық әлемін тереңірек танып, рухани құндылықтармен сусындауға мүмкіндік береді.
Өтетін мерзімі: 10–24 тамыз
Өтетін орны: Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі
