«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының «Түркістан. Мыңжылдықтар сәулесі» атты республикалық көшпелі көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен көрменің негізгі мақсаты – бүкіл Түркі әлеміне ортақ ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің тарихи болмысын, рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оның жолын жалғаған шәкірттері мен ізбасарларының еңбектерін көпшілікке таныстыру. Сонымен бірге «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қорында сақталған бірегей жәдігерлерді халық назарына ұсыну болып табылады.
Іс-шара соңында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымына басқарма басшысының атынан алғыс хат пен арнайы сый-сияпат табысталды.

