You are currently viewing DIGITAL ART: ДӘСТҮРДЕН ЦИФРҒА

DIGITAL ART: ДӘСТҮРДЕН ЦИФРҒА

Бүгін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Мәдениет және салт-дәстүр күніне» орай «Digital Art: дәстүрден цифрға» атты ғылыми-танымдық шара өткізілді.

Шараның басты мақсаты – көне тарих пен ұлттық құндылықтарды заманауи цифрлық технологиялар арқылы жаңаша форматта таныстыру. Кездесу барысында қатысушылар дәстүр мен цифрлық өнердің үндестігін көріп, тарихты жаңа көзқараспен тануға мүмкіндік алды.

Осындай жобалар арқылы музей көне мұраны қазіргі заман тілімен жеткізуді жалғастыра береді.