Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 26-27 наурыз аралығында өткен «Ұлы Дала өркениеті: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері – А.Беккулиева, Г.Оразалиева, Ұ.Шаған және Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалының әдіскері Қ.Дәрмен қатысып, баяндама жасады.
Айгерим Беккулиева – Музей экспедициясы: Дәстүрден тыс медицинадағы ұсталардың рөлі;
Гүлжанар Оразалиева – Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан ортағасырлық батпақты қалалар;
Ұлпан Шаған – Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі: жасанды интеллект және цифрландыру дәуіріндегі музейдегі жаңа мүмкіндіктер;
Құралай Дәрмен – Музей – Ұлы дала өркениетінің тарихи жадысының сақтаушысы.
Конференцияда Ұлы Дала өркениетінің тарихы, мәдени мұраны зерделеу, оның рухани-тағылымдық мәнін ашу және музей кеңістігінде сақтау мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, музей арқылы тарихи сананы қалыптастырудың заманауи озық технологиялары талқыланды.
