You are currently viewing МУЗЕЙ ІСІ ЖӘНЕ СЫР ЭТНОГРАФИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ВЕБИНАР ӨТТІ.

МУЗЕЙ ІСІ ЖӘНЕ СЫР ЭТНОГРАФИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ВЕБИНАР ӨТТІ.

18 мамыр – Халықаралық музейлер күні апталығының бірінші күні ғылыми вебинармен басталды. Вебинар қонағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, этнограф-ғалым Картаева Тәттігүл Ерсайынқызы «Музейлік этнография саласындағы өзекті мәселелер, аймақтық этнографияны музей саласында дамыту» тақырыбында онлайн баяндама жасады. Вебинарға облыс музейлері бойынша барлық ғылыми қызметкерлер қатысып, тың мәліметтер алды.

Вебинарда қандай мәселелер қозғалды:

 Сыр этнографиясын зерттеуге байланысты жобаларды музей қызметкерлерімен интеграцияда жүзеге асыру;

 Музейлік кеңістікте этнографиялық білім берудің жаңа парадигмаларын енгізу;

 Фольклорлық мұраны жәдігерлермен байланыстыру тәсілдерін қарастыру;

 Далалық этнографиялық материалдарды музейлендіруді қолға алу;

 Материалдық емес мұра: дәстүрлі технологияларды сақтау мен жаңғыртудың ғылыми мәнін ашу т.б.

Ғылыми вебинарда Тәттігүл Ерсайынқызы Сыр этнографиясын зерттеудегі соңғы жаңалықтармен бөлісіп, этнографиялық зерттеулердің жаңа тәсілдерін көрсетті.