You are currently viewing Құрметті музей қызметкерлері мен руханият жанашырлары!

Құрметті музей қызметкерлері мен руханият жанашырлары!

18 мамыр – Халықаралық музейлер күні құтты болсын!

Музей – ұлттың өткенін сақтап, тарихын танытып, келер ұрпаққа аманат ететін қасиетті мекен. Тарих пен тағылымды тоғыстырған мәдени ошақтардың қоғам үшін орны ерекше.

Осы мерекеде музей саласында еңбек етіп жүрген барша мамандарға шығармашылық табыс, зор денсаулық, толағай жетістік тілейміз! Ұлттық мұрамызды насихаттау жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!

Мәдениетіміз мәңгі жасай берсін!