You are currently viewing «ЖҰЛДЫЗДЫ ГИД» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

«ЖҰЛДЫЗДЫ ГИД» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жұлдызды гид» жобасының алғашқы кездесуі өтті.

Жобаның алғашқы қонағы – айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, «Құрмет» орденінің иегері Мұхтар Ниязов. Ол музейдің Өнер және мәдениет залында келушілерге экскурсия жүргізіп, экспозициядағы құнды жәдігерлер мен өңірдің мәдени мұрасы туралы мазмұнды мәліметтермен бөлісті.

Кездесу барысында оқушылар Мұхтар Ниязовқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Сонымен қатар, қонақпен естелік суретке түсіп, әсерлі жүздесудің куәсі болды.

Шара соңында жобаға белсенді қатысқан қонақтарға арнайы сертификаттар табысталды.

«Жұлдызды гид» жобасы жастардың музейге деген қызығушылығын арттыруға, тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.