You are currently viewing «ТАРИХ ПЕН ӨНЕР ҮНДЕСТІГІ» көрмесіне шақырамыз!

«ТАРИХ ПЕН ӨНЕР ҮНДЕСТІГІ» көрмесіне шақырамыз!

2026 жылғы 26 маусым — 26 тамыз аралығында Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында «Тарих пен өнер үндестігі» атты көрме өтеді.

Көрмеде музей қорындағы өңіріміздің тарихи келбетін бейнелейтін туындылар, қазақ батырларының айбынды бейнелері, батальдық жанрдағы шығармалар, сондай-ақ халықаралық деңгейде танылған суретшілердің көркем еңбектері көпшілік назарына ұсынылады.

Әрбір шығарма – халқымыздың бай тарихы мен ұлттық рухының, суретшілердің шығармашылық ізденісі мен көркемдік ойының жарқын көрінісі.

Көрме келушілерге тарихи оқиғалар мен көрнекті тұлғаларды өнер тілі арқылы жаңаша тануға мүмкіндік беріп, отансүйгіштік сезім мен мәдени мұраға деген құрметті тереңдете түседі.

Тарих пен өнер тоғысқан тағылымды көрмені бірге тамашалауға шақырамыз!