You are currently viewing ТАРИХТЫҢ ҮНІ – ДОМБЫРА

ТАРИХТЫҢ ҮНІ – ДОМБЫРА

Ұлттық домбыра күніне орай Президент саябағында өткен «Домбыра – халық мұрасы» мәдени-көпшілік іс-шарасы аясында музейдің «Тарихтың үні – домбыра» атты көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмеде ел тарихы мен руханиятында өзіндік орны бар тұлғалардың жеке домбыралары, сондай-ақ ұлттық музыка өнеріне қатысты құнды музей жәдігерлері қойылды. Келушілер халқымыздың күйшілік дәстүрі мен домбыра өнерінің тарихынан сыр шертетін бірегей экспонаттармен танысты.

Көрменің басты мақсаты – ұлттық мұраны дәріптеу, тарихи тұлғалардың өнерге қосқан үлесін насихаттау және жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру. Көрме қала тұрғындары мен қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.