You are currently viewing АСТАНАДА «ОҒЫЗ ДАЛА МӘДЕНИЕТІНІҢ ІЗДЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

АСТАНАДА «ОҒЫЗ ДАЛА МӘДЕНИЕТІНІҢ ІЗДЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Оғыз дала мәдениетінің іздері» атты халықаралық көрменің ашылуы өтті. Көрменің басты мақсаты – оғыз дәуірінің археологиялық және этнографиялық деректерін көрсету, мәдени код трансформациясын зерделеу және көшпелі халықтардың әлемдік өркениетке қосқан үлесін айқындау. Көрмеде Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасы мен оғыз тайпаларының Еуразия кеңістігіндегі рөлі, түркі әлемінің саяси, рухани және материалдық тарихына қосқан үлесі жан-жақты таныстырылды. Жоба аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі және Қорқыт Ата атындағы университет қорынан 300-ге жуық түпнұсқа жәдігер мен макет қойылды.