You are currently viewing ЕЛ РУХАНИЯТЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ — ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРЫНДА

ЕЛ РУХАНИЯТЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ — ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРЫНДА

Бүгін Сыр еліне ресми іссапармен Қазақстан Республикасының Президенті келді. Мемлекет басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуымен, мәдени нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында Президент Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне де арнайы ат басын бұрып, музей қорындағы құнды жәдігерлермен танысты. Ұлттық мұраларымызды сақтау мен дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Бұл – музей ұжымы үшін зор мәртебе, үлкен жауапкершілік. Мемлекет басшысының тарихи-мәдени мұраға деген ерекше ықыласы – музей ұжымы үшін үлкен қуаныш әрі зор сенім. Президенттің бүгінгі сапары рухани құндылықтарымызды сақтау жолындағы еңбегімізге берілген баға деп білеміз.

Тарихи жәдігерлерімізді дәріптеу ісіне және мәдени сала қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына шынайы алғыс білдіреміз. Бұл сапар — музей тарихындағы ерекше сәт, шынайы қолдау, алдағы жұмыстарымызға жаңа серпін береді.