Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбековтің 95 жылдығына арналған «Халық жадындағы қайраткер» атты көрме ұйымдастырылады.
Шараның басты мақсаты – ұлттық мүдде жолында аянбай қызмет еткен, ел тарихында есімі алтын әріппен қалған Еркін Әуелбековтің өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа дәріптеу және оның есімін ұмытылмас ету.
