You are currently viewing МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

2025 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің, Қызылорда облысының әкімдігі және Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комитеті арасындағы ЮНЕСКО техникалық грантын жүзеге асыру бойынша музей қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

Семинарды ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шайғозова Жанерке Наурызбайқызы жүргізді.

Іс-шара барысында мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың өзекті бағыттары талқыланып, музей ісіндегі халықаралық тәжірибе мен ұлттық құндылықтарды қорғаудың маңызы атап өтілді.