Қызылорда облыстық орталық музей жобасының келесі қонағы әлемге белгілі боксшы, Олимпиада жеңімпазы, Баркер кубогының иегері, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев.
Бақтияр Ғарифоллаұлы музей келушілеріне “Тәуелсіз Қазақстан” экспозициялық көрме залынан орын алған спорт саласының тарихы, жетістіктері, жеңіске жеткен тұлғалары
жайында қызықты шолу жасайды.
Салтанатты іс-шара 17-ші маусым күні сағ: 15.00-де Қызылорда қаласының Сол жағалау 119 А мекен-жайында орналасқан орталық музейде өтеді. Баршаңызды шақырамыз!
