Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі алдағы маусым айынан бастап «Жұлдызды гид»жобасын жүзеге асырмақ.
Бұл жобада танымал адамдар, өнер жұлдыздары, журналистер немесе қоғам қайраткерлері музей қонақтарына гид ретінде экскурсия жүргізеді. Олар музейдегі тарихи жәдігерлер туралы ақпарат беріп, келушілерге ерекше әсер сыйлайды.
Жобаның негізгі мақсаты – жастардың музейге деген қызығушылығын арттыру және мәдени мұраны насихаттау.
Жобаның алғашқы қонағы — айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, «Құрмет» орденінің иегері Мұхтар Ниязов.
Өтетін уақыты: 1 маусым, сағ 11.00 де
Өтетін орны: Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі
