Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Жұлдызды гид» жобасының келесі қонағы – ақын, жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Абай жолы», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян, қазақ» тарихи телесериалдарының сценарий авторы Ұларбек Нұрғалымұлы.
Ұларбек Нұрғалымұлы музей келушілеріне «Тарих сөйлеген музей» жобасы аясында «Алаш интеллигенциясы» залында авторлық экскурсия жүргізіп, Алаш арыстарының өмірі мен мұрасы, ұлт азаттығы жолындағы күресі, тарихи тағылымы туралы мазмұнды әңгіме өрбітеді.
Кездесу барысында қонақтар қаламгермен еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап алып, естелік суретке түсу мүмкіндігіне ие болады.
Іс-шара 23 шілде күні сағат 11:00-де Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтеді.
