2026 жылғы 22–26 маусым аралығында ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Аталған іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен ұйымдастырылып, музей саласын цифрлық жаңғыртуға бағытталған маңызды кәсіби алаңға айналды.
Семинарға Қызылорда облысының музей мамандары да қатысты. Атап айтқанда:
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері – Әлібек Сералы
Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі – Салтанат Қуандықова
Бес күндік бағдарлама аясында қатысушылар музей қорларын цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, виртуалды музейлерді дамыту, ғылыми-зерттеу және экспозициялық жұмыстарды жетілдіру бағыттарындағы өзекті тәжірибелермен танысты.
Шетелдік мамандармен пікір алмасу мен кәсіби тәжірибе алмасу өңір музейлерінде цифрлық жобаларды дамытуға, мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың жаңа мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
