Ұлттық домбыра күніне орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан жасақталған «Қазақтың жаны – домбыра» атты бірегей көрменің салтанатты ашылуы өтеді.
Көрмеде ХІХ–ХХ ғасырларға тиесілі тарихи домбыралар, атақты жыраулар мен күйшілердің жеке заттары, қолжазбалары, сирек фотосуреттері мен құжаттары ұсынылады. Сондай-ақ Қарасай Қалыұлы, Тәжік жырау Мұсаұлы, Қашаған Күржіманұлы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы сынды тұлғалар ұстаған домбыраларды тамашалауға мүмкіндік бар.
Күй мен жырдың құдіретін сезініп, ұлттық мұрамыздың асыл қазынасымен қауышуға шақырамыз!
3 шілде 11:00
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі
(Сол жағалау, №119А құрылыс)
Көрме 2026 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады.
